/ Факсты қолдану / Факстарды принтер көмегімен жіберу / Факстарды басқару тақтасы көмегімен жіберу / Факстарды басқару тақтасы көмегімен автоматты түрде жіберу

Факстарды басқару тақтасы көмегімен автоматты түрде жіберу

Басқару тақтасында алушылардың факс нөмірлерін енгізу арқылы факстарды жіберуге болады.

  1. Түпнұсқаларды қойыңыз.

    Бір жібергенде 100 бетке дейін жіберуге болады, алайда қалған жад көлеміне байланысты тіпті 100 бетке жетпейтін факстарды жіберу мүмкін емес болуы ықтимал.

  2. Негізгі экраннан Факс параметрін таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  3. Алушыны көрсетіңіз.

    Ең көбі 100 алушыға монохромды факс жіберуге болады. Дегенмен, түсті факсты тек бір мезгілде бір алушыға жіберуге болады.

    • Қолмен енгізу үшін: сандық түймелердің көмегімен факстың нөмірін теріңіз де, OK түймесін басыңыз.
      - Кідірісті қосу үшін (нөмірді теру кезіндегі үш секундтық кідіріс) түймесін басыңыз.
      - Егер Желі түрі параметрінде сыртқы кіру кодын орнатсаңыз, факс нөмірінің басында нақты сыртқы кіру кодының орнына «#» (тор) енгізіңіз.
      Ескертпе:
      Егер факс нөмірін қолмен енгізу мүмкін болмаса, Қауіпсіздік бөліміндегі Нөм.тік.теру б-ша шект. параметрі Қосу күйіне орнатылады. Контактілер тізімінен немесе жіберілген факс журналынан факс алушыларын таңдаңыз.
    • Контактілер тізімінен таңдау үшін: түймесін басыңыз да, факсты жіберуді қалаған алушыларды таңдаңыз. Егер сіз факсты жіберуді қалаған алушы Контактілер бөлімінде тіркелмесе, оны Контактілер реттеушісі бөлімінде тіркеңіз.
      Факс > Мәзір > Контактілер реттеушісі
    • Жіберілген факс журналынан таңдау үшін: түймесін басып, алушыны таңдаңыз.
    Ескертпе:

    Сіз енгізген алушыларды жою үшін Факс экранындағы түймесін басыңыз да, алушыны таңдаңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз. Әрекетті аяқтау және Факс экранына оралу үшін түймесін басыңыз.

  4. OK түймесін басыңыз және қажеттілік жағдайында, ажыратымдылық пен жіберу әдісі сияқты параметрлерді баптау үшін Скан. парам-рі немесе Факс жіб.парам. бөлімін таңдаңыз.

  5. түймесін Факс экранына оралғанша басыңыз, содан соң факсты жіберу үшін түймесін басыңыз.

  6. Жіберу аяқталғанда түпнұсқаларды алып тастаңыз.

Ескертпе:
  • Егер факс нөмірі бос емес не қандай да бір ақау болса, принтер автоматты түрде бір минуттан кейін қайта тереді.

  • Жіберуден бас тарту үшін түймесін басыңыз.

  • Түрлі-түсті факс жіберу ұзағырақ уақыт алады, себебі принтер сканерлеу мен жіберуді бір мезгілде орындайды. Принтер түсті факс жіберуі кезінде басқа мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.