/ Факсты қолдану / Факстарды принтер көмегімен жіберу / Факс жіберудің түрлі жолдары / Монохромды құжаттың көптеген беттерін жіберу (Тікелей жіберу)

Монохромды құжаттың көптеген беттерін жіберу (Тікелей жіберу)

Факсты монохромды жібергенде сканерленген құжат уақытша принтер жадына сақталады. Сондықтан көп бетті жіберу принтердің жадының бітуіне немесе факсты жіберуді тоқтатуына әкелуі мүмкін. Тікелей жіберу мүмкіндігін қосу арқылы мұның алдын алуға болады, алайда факс жіберу үшін уақыт көбірек кетуі мүмкін, себебі принтер сканерлеу мен жіберуді бір мезгілде орындайды. Бұл мүмкіндікті тек бір ғана алушы болғанда пайдалануға болады.

  1. Түпнұсқаларды қойыңыз.

  2. Негізгі экраннан Факс параметрін таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  3. Алушыны көрсетіңіз.

  4. OK түймесін басыңыз да, Факс жіб.парам. таңдаңыз.

  5. Тікелей жіберу опциясын таңдаңыз, содан соң Қосу опциясын таңдаңыз.

    Қажеттілік жағдайында, Скан. парам-рі немесе Факс жіб.парам. терезесінде ажыратымдылық және жіберу әдісі сияқты параметрлерді де баптауға болады.

  6. түймесін Факс экранына оралғанша басыңыз, содан соң факсты жіберу үшін түймесін басыңыз.

  7. Жіберу аяқталғанда түпнұсқаларды алып тастаңыз.