Факстарды қабылдау мүмкін емес

  • Егер қоңырауды қайта жіберу қызметіне қосылсаңыз, принтер факстарды ала алмауы мүмкін. Қызмет көрсетушімен хабарласыңыз.

  • Егер телефон принтерге қосылмаса Қабылдау режимі параметрін басқару тақтасында Авто режиміне орнатыңыз.

  • Келесі жағдайларға сәйкес, принтердің жады толып, факстарды қабылдай алмайды. Жадтың толу қатесін өңдеу туралы ақпарат алу үшін ақауларды жою бөлімін қараңыз.

    • Алынған құжаттардың саны ең көп 100 құжатқа жетті.

    • Принтердің жады толы (100%).

  • Жіберушінің факс нөмірі Қблдбн нөм.тізімі тізіміне тіркелгенін тексеріңіз. Осы тізімге қосылған нөмірлерден жіберілген факстар Бас тарту факсы бөлімінде Қблдбн нөм.тізімі параметрі қосулы болғанда блокталады.

  • Жіберушіден тақырып ақпараты өзінің факс машинасында реттелгенін сұраңыз. Тақырып ақпараты жоқ факстар Бас тарту факсы бөлімінде Факс тақ-бы бос параметрі қосулы болғанда блокталады.

  • Жіберушінің факс нөмірі контактілер тізімінде тіркелгенін тексеріңіз. Осы тізімге тіркелмеген нөмірлерден жіберілген факстар ҚоңШал.Конт.жоқ бөлімінде Бас тарту факсы параметрі қосулы болғанда блокталады.