Web Config бағдарламасын Windows жүйесінде іске қосу

Компьютерді принтерге WSD арқылы қосқанда Web Config функциясын іске қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Компьютердегі принтерлер тізімін ашыңыз.

    • Windows 10/Windows Server 2016
      Бастау түймесін басып, Windows жүйесі > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз.
    • Windows 8.1/Windows 8/Windows Server 2012 R2/Windows Server 2012
      Жұмыс үстелі > Параметрлер > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру тармағын Жабдық және дыбыс (немесе Жабдық) ішінде таңдаңыз.
    • Windows 7/Windows Server 2008 R2
      Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз.
    • Windows Vista/Windows Server 2008
      Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Принтерлер түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз.
  2. Принтерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.

  3. Веб-қызмет қойындысын таңдап, URL мекенжайын басыңыз.