Қосымша

Басқару тақтасындағы мәзірлерді төменде сипатталғандай таңдаңыз.

Факс > (Қосымша)

Жіберу журналы:

Жіберілген немесе алынған факс тапсырмаларын тексеруге болады.

Факс туралы есеп:
  • Соңғы берілім

    Жіберілген немесе сұрау арқылы алынған алдыңғы факс үшін есеп басып шығарады.

  • Факс журналы

    Тасымалдаулар есебін басып шығарады.Төмендегі мәзірдің көмегімен осы есепті автоматты түрде басып шығару орнатуға болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Есеп параметрлері > Факс журналын авт. басып шығару

  • Факс парам-ң тізімі

    Ағымдағы факс параметрлерін басып шығарады.

  • Протокол жазбасы

    Жіберілген немесе алынған алдыңғы факс үшін егжей-тегжейлі есеп басып шығарады.

Қабылдауды сұрау:

Сіз енгізген факс нөміріне қосып, факс машинасында сақталған факсты қабылдайды.Бұл опцияны факс ақпараты қызметінен факсты қабылдау үшін пайдалануға болады.

Кіріс жәшігі:

Алынған факстар сақталатын кіріс жәшігін ашыңыз.

Қабылд. факс. қ. басып шығ.:

Алынған факстарды қайта басып шығарады.

Факс параметрлері:

Факс параметрлері бөлімін ашады.Сондай-ақ негізгі экрандағы Параметрлер параметрін таңдап, содан соң Жалпы параметрлер > Факс параметрлері параметрін таңдау арқылы осы экранға кіруге болады.Қосымша мәліметтер алу үшін Факс параметрлері мүмкіндігін сипаттайтын бетті қараңыз.