Қосылымды тексеру (USB)

  • USB кабелін принтерге және компьютерге мұқият жалғаңыз.

  • Егер USB хабын пайдалансаңыз, принтерді компьютерге тікелей қосып көріңіз.

  • USB кабелі анықталмаса, портты өзгертіңіз немесе USB кабелін өзгертіңіз.

  • Принтер USB қосылымы арқылы басып шығарылмаса, келесі әдісті көріңіз.

    USB кабелін компьютерден ажыратыңыз.Компьютерде көрсетілетін принтер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Құрылғыны жою параметрін таңдаңыз.Содан соң USB кабелін компьютерге қосып, басып шығару сынағын жасаңыз.

    Компьютерге қосылу әдісін өзгерту үшін, осы нұсқаулықтағы қадамдарды орындау арқылы USB қосылымын қайта реттеңіз.Мәліметтер алу үшін, төмендегі қатысты ақпарат сілтемесін қараңыз.