Қауіпсіздік параметрлері

Басқару тақтасындағы мәзірлерді төменде сипатталғандай таңдаңыз.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Қауіпсіздік параметрлері

Нөм.тік.теру б-ша шект.:
  • Өш.

    Алушының факс нөмірлерін қолмен енгізуге мүмкіндік береді.

  • Қосу

    Операторға алушыларды тек контактілер тізімінен немесе жіберілгендер журналынан таңдауға рұқсат ету арқылы алушының факс нөмірлерін қолмен енгізуді өшіреді.

  • Екі рет енгізу

    Нөмір қолмен енгізілген кезде операторға факс нөмірін қайта теру қажет.

Мекенжай тізімін растау:

Жіберуді бастаудан бұрын алушының растау экранын көрсетеді.

Дер.рез.көш.авт.өшіру:

Электр ақаулығына немесе дұрыс емес жұмыс істеуіне байланысты қуаттың кенет өшуіне дайындалу үшін принтер жіберілген және алынған құжаттардың сақтық көшірмелерін жадта уақытша сақтайды.Құжатты жіберу немесе қабылдау сәтті аяқталып, сақтық көшірмелер ендігәрі қажет емес болған кезде сақтық көшірмелерді автоматты түрде өшіру үшін осы опцияны қосыңыз.

Резервтік деректерді жою:

Принтер жадында уақытша сақталған барлық сақтық көшірмелерді өшіреді.Бұл мүмкіндікті принтерді біреуге беруден немесе жоюдан бұрын іске қосыңыз.