/ Желі параметрлері / Компьютерге қосу

Компьютерге қосу

Принтерді компьютерге қосу үшін орнату құралын пайдалануды ұсынамыз. Келесі әдістердің бірі арқылы орнату құралын іске қосуға болады.

  • Веб-сайттан орнату

    Келесі веб-сайтқа кіріп, өнім атауын енгізіңіз. Реттеу бөліміне өтіп, орнатуды бастаңыз.

    http://epson.sn

  • Бағдарламалық құрал дискісі арқылы орнату (Windows бағдарламалық құрал дискісімен келетін және диск драйверлері бар пайдаланушыларға ғана арналған.)

    Бағдарламалық құрал дискісін компьютерге салып, экрандық нұсқауларды орындаңыз.

Қосылым әдістерін таңдау

Келесі экран көрсетілмегенше экрандық нұсқауларды орындаңыз, содан соң принтердің компьютерге қосылу әдісін таңдаңыз.

Қосылым түрін таңдап, Сосын түймесін басыңыз.

Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.