Принтерге техникалық қызмет көрсету
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)
Сканерлеу құжаттарына және кескіндеріне арналған қолданба (Epson Scan 2)
Басқару тақтасынан сканерлеу жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Epson Event Manager)
Бағдарламалық құралды жаңарту құралдары (EPSON Software Updater)
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес
Принтер драйвері принтерді басқа қолданбалардан алынған пәрмендерге сәйкес басқарады. Принтер драйверінде параметрлерді орнату ең жақсы басып шығару нәтижелерін береді. Оған қоса, принтер драйвері бағдарламасының көмегімен принтердің күйін тексеруге немесе оны жақсы жұмыс істеуін сақтауға болады.
Принтер драйверінің тілін өзгерте аласыз. Тіл қойындысындағы Қызмет көрсету параметрінен пайдаланғыңыз келетін тілді таңдаңыз.
Тек пайдаланып жатқан қолданбаларға қолданылатын параметрлерді орнату үшін сол қолданбадан қатынасыңыз.
Файл мәзірінен Басып шығару немесе Басып шығаруды реттеу пәрменін таңдаңыз. Принтерді таңдап Параметрлер немесе Сипаттар түймесін басыңыз.
Әрекеттер қолданбаға байланысты өзгеріп отырады. Мәліметтер алу үшін қолданбаның анықтамасын қараңыз.
Барлық бағдарламаларға қолданылатын параметрлерді орнату үшін бақсару тақтасынан кіріңіз.
Windows 10
Бастау түймесін басып, Windows жүйесі > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтеріңізді тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз немесе басып тұрыңыз да, Басып шығару параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Windows 8.1/Windows 8
Жұмыс үстелі > Параметрлер > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағын таңдаңыз. Принтеріңізді тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз немесе басып тұрыңыз да, Басып шығару параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Windows 7
Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Басып шығару параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Windows Vista
Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Принтерлер түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Басып шығару параметрлерін таңдау бөлімін таңдаңыз.
Windows XP
Бастау түймесін басыңыз және Басқару тақтасы > Принтерлер және басқа жабдықтар > Принтерлер және факстар таңдаңыз. Принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Басып шығару параметрлері бөлімін таңдаңыз.
Жұмыс үстелі тапсырмалар тақтасындағы принтер белгішесі — принтер драйверіне жылдам қатынасуға мүмкіндік беретін таңбаша белгіше.
Принтер белгішесін басып, Принтер параметрлері тармағын таңдасаңыз, басқару тақтасынан көрсетілетінмен бірдей принтер параметрлері терезесіне қатынасуға болады. Осы белгішені екі рет бассаңыз, принтердің күйін тексере аласыз.
Тапсырмалар тақтасында принтер белгішесі көрсетілмесе, принтер драйверінің терезесін ашыңыз, Басқарылатын теңшелімдер түймесін Қызмет көрсету қойындысында басыңыз, содан кейін Таңбаша белгішесін тапсырмалар тақтасына тіркеңіз пәрменін таңдаңыз.
Принтер драйверінің терезесіне өтіңіз. Қызмет көрсету қойындысын басыңыз.