/ Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты / Кескіндерді басып шығаруға арналған қолданба (Epson Photo+)

Кескіндерді басып шығаруға арналған қолданба (Epson Photo+)

Epson Photo+ әртүрлі форматтағы кескіндерді оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданба. Құжатты қарау кезінде кескінді түзетуге немесе оның орналасу қалпын реттеуге болады. Өзіңіз қалаған орынға мәтін және штамп қою арқылы кескіндеріңізді әрлендіруге болады. Фотосуреттерге арналған түпнұсқа Epson қағазын басып шығару кезінде сияның өнімділік көрсеткіштері артады да, тамаша бояуға боялған әдемі кескін пайда болады.

Мәліметтер алу үшін қолданбаның анықтамасын қараңыз.

Ескертпе:

Бұл қолданбаны пайдалану үшін осы принтерге принтер драйверін орнату керек.

Іске қосу
  • Windows 10

    Бастау түймесін басыңыз, содан соң Epson Software > Epson Photo+ тармағын таңдаңыз.

  • Windows 8.1/Windows 8

    Іздеу жолағына бағдарлама атын енгізіп, көрсетілетін белгіні таңдаңыз.

  • Windows 7/Windows Vista/Windows XP

    Бастау түймесін басып, Барлық бағдарламалар не Бағдарламалар > Epson Software > Epson Photo+ түймесін басыңыз.

Mac OS жүйесінде іске қосу

Өту > Қолданбалар > Epson Software > Epson Photo+ тармағын таңдаңыз.