/ Ақаулықтарды шешу / Компьютерден басып шығару мүмкін емес / Компьютерден принтердің күйін тексеру (Windows)

Компьютерден принтердің күйін тексеру (Windows)

Принтер драйверінің Қызмет көрсету қойындысынан Бас. шығ-у кезегі түймесін басып, келесіні тексеріңіз.

  • Тоқтатылған басып шығару тапсырмаларының бар-жоғын тексеріңіз.

    Қажет емес деректер қалса, Принтер мәзірінен Барлық құжаттардан бас тарту таңдаңыз.

  • Принтердің дербес немесе бөгеліс күйде емес екеніне көз жеткізіңіз.

    Егер принтер дербес немесе бөгеліс күйде болса, Принтер мәзірінен дербес немесе бөгеліс параметрін өшіріңіз.

  • Принтер Принтер мәзірінен әдепкі принтер ретінде таңдалғанына көз жеткізіңіз (мәзір элементінде құсбелгі болуы тиіс).

    Егер принтер әдепкі принтер ретінде таңдалмаса, оны әдепкі принтер ретінде орнатыңыз. Егер Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру (Принтерлер, Принтерлер және факстар) бөлімінде бірнеше белгіше болса, белгішені таңдау үшін келесіні қараңыз.

    Мысал

    USB қосылымы: EPSON XXXX сериясы

    Желі қосылымы: EPSON XXXX сериясы (желі)

    Принтер драйверін бірнеше рет орнатсаңыз, принтер драйверінің көшірмелері жасалуы мүмкін. «EPSON XXXX сериясы (1-көшірме)» сияқты көшірмелер жасалса, көшірілген драйвер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Құрылғыны жою түймесін басыңыз.

  • Принтер портының Принтер мәзірінен Сипат > Порт бөлімінде дұрыс таңдалғанын тексеріңіз.

    USB байланысы үшін «USBXXX» таңдаңыз немесе желілік қосылым үшін «EpsonNet Print Port» таңдаңыз.