Қолданбаларды орнату

Компьютерді желіге қосып, веб-сайттан қолданбалардың ең соңғы нұсқасын орнатыңыз.

Ескертпе:
  • Компьютерге әкімші ретінде кіріңіз. Егер компьютер сұраса, әкімшінің құпия сөзін енгізіңіз.

  • Қолданбаны қайта орнату кезінде алдымен оны жою керек.

  1. Барлық қосулы қолданбаларды жабыңыз.

  2. Принтер драйверін немесе Epson Scan 2 жойған кезде принтер мен компьютерді уақытша ажыратыңыз.

    Ескертпе:

    Нұсқау берілмейінше, принтер мен компьютерді жалғамаңыз.

  3. Келесі веб-сайтқа кіріп, өнім атауын енгізіңіз.

    http://epson.sn

  4. Реттеу таңдап, Жүктеп алу басыңыз.

  5. Жүктеп алынған файлды басыңыз немесе екі рет басыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе:

Егер Windows жүйесі орнатылған компьютерді пайдалансаңыз және қолданбаларды веб-сайттан жүктеп алу мүмкін болмаса, оларды принтермен бірге келетін бағдарламалық жасақтама дискісінен орнатыңыз.