Принтерге техникалық қызмет көрсету
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)
Сканерлеу құжаттарына және кескіндеріне арналған қолданба (Epson Scan 2)
Басқару тақтасынан сканерлеу жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Epson Event Manager)
Бағдарламалық құралды жаңарту құралдары (EPSON Software Updater)
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес
Бұл әдіс арқылы принтерді сымсыз маршрутизаторсыз тікелей Android құрылғысына қосуға болады. Осы функцияны пайдалану үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс.
Android 4.4 не одан кейінгі нұсқасы
Epson iPrint 7.0 не одан кейінгі нұсқасы
Epson iPrint қолданбасы смарт құрылғыдан басып шығаруға арналған. Epson iPrint қолданбасын алдын ала смарт құрылғыға орнатып алыңыз.
Қосылғыңыз келетін принтер мен смарт құрылғыңыздың параметрлері тек бір рет орнатылады. Wi-Fi Direct қызметін өшірмейінше немесе желі параметрлерінің әдепкі мәндерін қалпына келтірмейінше, оларды қайта орнату қажет емес.
Басты экранда Смартфонды қосу түймесін таңдаңыз.
Элементті таңдау үшін
түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

Орнатуды бастау тармағын таңдаңыз.
Android тармағын таңдаңыз.

Смарт құрылғыда Epson iPrint қолданбасын іске қосыңыз.

Epson iPrint экранында Printer is not selected. хабарын түртіңіз.
Epson iPrint экранында қосылғыңыз келетін принтерді таңдаңыз.

Принтерді таңдау үшін принтердің басқару панеліндегі ақпаратты қараңыз.

Кеғйбір Android құрылғыларында принтерлер көрсетілмеуі мүмкін. Олар көрсетілмесе, Басқа операциялық жүйедегі құрылғылар таңдап қосылыңыз. Қосылу туралы төмендегі сілтемеде берілген ақпаратты қараңыз.
Құрылғыны қосылғанын растайтын экран көрсетілгенде Мақұлдау пәрменін таңдаңыз.
Принтердің басқару панелінде Аяқталды түймесін басыңыз.
Принтерге қосылып қойған смарт құрылғыларды қайта қосу үшін, смарт құрылғыдағы Wi-Fi экранында көрсетілген желі атауын (SSID) таңдаңыз.