/ Ақаулықтарды шешу / Сканерлеуді бастау мүмкін емес

Сканерлеуді бастау мүмкін емес

  • USB кабелін қауіпсіз түрде принтерге және компьютерге қосыңыз. Егер USB хабын пайдалансаңыз, принтерді компьютерге тікелей қосып көріңіз.

  • Егер желі арқылы жоғары ажыратымдылықпен сканерлесеңіз, байланыс қатесі орын алуы мүмкін. Ажыратымдылықты азайтыңыз.

  • Epson Scan 2 құрылғысында дұрыс принтер (сканер) таңдалғанын тексеріңіз.

Windows жүйесін пайдаланғанда принтер анықталғанын немесе анықталмағанын тексеріңіз

Windows жүйесінде, принтер (сканер) Сканер және камера бөлімінде көрсетілетінін тексеріңіз. Принтер (сканер) «EPSON XXXXX (принтер атауы)» түрінде көрсетілуі керек. Егер принтер (сканер) көрсетілмесе, Epson Scan 2 бағдарламасын жойып, қайта орнатыңыз. Сканер және камера терезесіне кіру үшін төмендегіні қараңыз.

  • Windows 10

    Бастау түймесін басып, Windows жүйесі > Басқару тақтасы тармағын таңдап, іздеу жолағына «Сканер және камера» деп жазып, Сканерлер мен камераларды көру түймесін басып, принтердің көрсетілгенін тексеріңіз.

  • Windows 8.1/Windows 8

    Жұмыс үстелі > Параметрлер > Басқару тақтасы тармағын таңдап, іздеу жолағына «Сканер және камера» деп енгізіңіз де, Сканер және камера көрсету түймесін басып, принтер көрсетілгенін тексеріңіз.

  • Windows 7

    Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы түймесін таңдап, іздеу жолағына «Сканер және камера» деп жазып, Сканерлер мен камераларды көру түймесін басып, принтердің көрсетілгенін тексеріңіз.

  • Windows Vista

    Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Жабдық және дыбыс > Сканерлер және камералар тармағын таңдаңыз, содан соң принтер көрсетілгенін тексеріңіз.

  • Windows XP

    Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Принтерлер және басқа жабдық > Сканер және камералар түймесін таңдап, принтер көрсетілгенін тексеріңіз.