Принтерге техникалық қызмет көрсету
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)
Сканерлеу құжаттарына және кескіндеріне арналған қолданба (Epson Scan 2)
Басқару тақтасынан сканерлеу жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Epson Event Manager)
Бағдарламалық құралды жаңарту құралдары (EPSON Software Updater)
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес
Басып шығару сапасы бұлдыр баспа, жолақтар, жетіспейтін түстер, күңгірт түстер, басып шығарулардағы қисаюға байланысты нашар болса, келесілерді тексеріңіз.
Шүмек тексеруін орындаңыз және басып шығару механизміндегі шүмектердің кез келгені бітелген жағдайда басып шығару механизмін тазалаңыз.
Басып шығару механизмін туралаңыз.
Осы принтер қолдайтын қағазды пайдаланыңыз.
Дымқыл, зақымдалған немесе тым ескі қағазда басып шығармаңыз.
Қағаз бұралып кетсе немесе хатқалта қампайса, оны тегістеңіз.
Басып шығарудан кейін қағазды бірден бумалап қоймаңыз.
Толтыру немесе көрсетудің алдында басып шығарылған парақтарды толығымен құрғатыңыз. Басып шығарылған парақтарды құрғату барысында тікелей күн көзінің түсуіне жол бермеңіз, құрғатқышты пайдаланбаңыз және басып шығарылған бетті қолмен ұстамаңыз.
Кескіндер немесе фотосуреттерді басып шығару кезінде Epson компаниясы жай қағаздың орнына түпнұсқалы Epson қағазын қолдануды ұсынады. Түпнұсқалы Epson қағазының басылатын бетінде басып шығарыңыз.
Принтерге жүктелген түрге сәйкес келетін тиісті қағаз түрін таңдаңыз.
Жоғары сапа параметрімен басып шығарыңыз.
Epson сия картриджін бумада басылған күнге дейін қолдануды ұсынады.
Ең жақсы нәтиже алу үшін сия картридждерін буманы ашқаннан кейін алты ай ішінде қолданыңыз.
Түпнұсқа Epson сия картридждерін қолдануға тырысыңыз. Бұл құрылғы түпнұсқа Epson сия картридждерін қолдануға негізделген түстерді реттеуге жасалған. Түпнұсқа емес сия картридждерін қолдану басып шығару сапасының төмендеуіне себеп болуы мүмкін.