Принтерге техникалық қызмет көрсету
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Принтер жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Web Config)
Сканерлеу құжаттарына және кескіндеріне арналған қолданба (Epson Scan 2)
Басқару тақтасынан сканерлеу жұмыстарын конфигурациялауға арналған қолданба (Epson Event Manager)
Бағдарламалық құралды жаңарту құралдары (EPSON Software Updater)
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес
Құжаттарды, электрондық хабарларды, фотосуреттерді және веб-беттерді Android телефонынан немесе планшетінен (Android 4.4 немесе кейінгі нұсқасы) тікелей сымсыз басып шығаруға болады. Бірнеше түймені түртсеңіз, Android құрылғысы бір сымсыз желіге жалғанған Epson принтерін анықтайтын болады.
Әрекеттер құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Қағазды принтерге салыңыз.
Принтеріңізді сымсыз басып шығаруға реттеңіз.
Android құрылғысында Google Play дүкенінен Epson Print Enabler қосылатын модулін орнатыңыз.
Android құрылғысын принтердікімен бірдей сымсыз желіге қосыңыз.
Android құрылғысынан Параметрлер бетіне өтіп, Жалғанған құрылғылар > Басып шығару тармақтарын таңдаңыз да, Epson Print Enabler функциясын қосыңыз.
Chrome секілді Android қолданбасынан мәзір белгішесін түртіп, экранда көрсетілгенді басып шығарыңыз.
Принтерді көрмесеңіз, Барлық принтерлер түймесін түртіп, принтерді таңдаңыз.