/ Сия картридждерін және басқа тұтынылатын заттарды ауыстыру / Қара сия азайғанда қара сияны сақтау (тек Windows үшін)

Қара сия азайғанда қара сияны сақтау (тек Windows үшін)

Қара сия деңгейі азайғанда және түрлі түсті сия деңгейі жеткілікті болса, қара түс жасау үшін түрлі түсті сиялардың қоспасын пайдалануға болады. Қара сия картриджін ауыстыруға дайындау барысында басып шығаруды жалғастыруға болады.

Бұл мүмкіндік тек принтер драйверінен келесі параметрлерді таңдаған кезде қол жетімді болады.

  • Қағаз түрі: қарапайым қағаздар

  • Сапасы: Стандартты

  • EPSON Status Monitor 3: Қосылған

Ескертпе:
  • Егер EPSON Status Monitor 3 ажыратылса, принтер драйверіне өтіңіз, Кеңейтілген параметрлер түймесін Қызмет көрсету қойындысынан басыңыз да, EPSON Status Monitor 3 қосу таңдаңыз.

  • Құрамдас қара түс таза қара түстен сәл өзгеше болады. Оған қоса, басып шығару жылдамдығы азаяды.

  • Басып шығару басының сапасын сақтау үшін қара түсте тұтынылады.

Опциялар

Сипаттама

Иә

Қара түс жасау үшін түрлі түсті сиялардың қоспасын пайдалануды таңдаңыз. Бұл терезе келесіде ұқсас тапсырманы басып шығарған кезде бейнеленеді.

Жоқ

Қалған қара сияны пайдалануды жалғастыруды таңдаңыз. Бұл терезе келесіде ұқсас тапсырманы басып шығарған кезде бейнеленеді.

Осы мүмкіндікті өшіру

Қалған қара сияны пайдалануды жалғастыруды таңдаңыз. Бұл терезе қара сия картриджін ауыстырғанға және деңгейі қайтадан азайғанға дейін бейнеленбейді.